Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді

None
None
ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

null
Төрағалық етуші судья Ақжарқынға жылы шырай танытып, отырыс соңында оны ширатып қойды. Ол журналистерге Ақжарқыннан сұхбат алуға, ұялы телефонға түсіруге рұқсат берді. «Барлығына алғысым шексіз, елшілікке, адвокаттарға. Әділдіктің орнайтынына сенемін, жақсылыққа сенемін. Туыстарымның маған сеніп, мені кешіргенін қалаймын, реніштерін ұмытқанын қалаймын. Қолдауларыңыз үшін көп рақмет, үлкен рақмет», - деді Ақжаркын Тұрлыбай.
null null  

Қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқынға отбасы жіберген аудиохабарламаны тыңдатты. Әзірге сот үкім шығару үшін ақылдасу бөлмесіне кетті. Адвокат Фэн Чжицзянь ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатта кезекті отырыс пен сот шешімі 2017 жылы қаңтар айының басында шығады деп үміттенетінін айтты.
null  

Еске сала кетсек, ҚХР Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласының бірінші сатыдағы сотында Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін қайта қарау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі. Отырысқа үш судья, екі айыптаушы, екі қытайлық адвокат және қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов, ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігі консулдық бөлімінің жетекшісі Болат Сырлыбаев, аудармашы, стенографист, екі жасауыл, Ақжарқын Тұрлыбай және ҚХР аккредиттелген «ҚазАқпарат» ХАА және "Хабар 24", "Хабар" журналистері қатысуда. Аудармашының болуына қарамастан Ақжарқын оның қызметінен бас тартып, сот процесін қытай тілінде өткізуді ұйғарды.

Соңғы жаңалықтар