Ақжарқын Тұрлыбай өз болашағына сенімді - қытайлық қорғаушы

None
None
ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Ақжарқын Тұрлыбайдың қытайлық қорғаушысы «Rainmaker» заңгерлік компаниясының өкілі Сяо Чжаньдэнің айтуынша, бойжеткеннің рухани және физикалық жағдайы өте жақсы, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

«Мен Ақжарқынмен 2016 жылдың 31 қазанында жүздестім. Ол рухани және физикалық жақсы күйде. Оның ішкі күш-қуаты мықты, ол сабырлы әрі ойлауы айқын. Ол қытайлық соттың әділдігіне және өз болашағына сенімді. Отаны жақында екенін және оның қолдауын сезінеді. Іс әлі аяқталған жоқ, 2 қараша күні де нақты шешім болатыны екіталай - барлығымызға шыдамдылық керек», - деді ол ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

null 

Оның сөзіне қарағанда, қытайлық сот органдары жоғары кәсібиліктерін көрсетуде және Ақжарқын Тұрлыбайдың ісін жіті зерделеуде.

«Ал біз - қорғаушылар консул мырза Болат Сырлыбайға және бұрынғы консул Уәлихан Сәрсембековке, сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің өзге де қызметкерлеріне жұмыстары үшін алғыс айтамыз», - деп атап көрсетті ол.

Адвокат ағымдағы жылдың басынан Ақжарқынның қытай тілін меңгеру деңгейі айтарлықтай арта түскенін айтып өтті.

«Ол қытай тілін меңгеріп қана қойған жоқ, қазір ол қытайша ойлайды. Ол өте ақылды. Мен әу-бастан оның кінәсіздігіне сендім», - деді Сяо Чжаньдэ.

Еске салайық, ҚР азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы сот отырысы ҚХР Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласында 2016 жылдың 2 қарашасында өтеді.

Еске сала кетейік, 21 жастағы  қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын.  Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы  7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот  Ақжарқын Тұрлыбайдың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы етті. 

Соңғы жаңалықтар