Ақышевтың орынбасары Назарбаев бейнеленген купюра жайында бүгін ғана білген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Алпысбай Аxметовтың айтуынша, Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік купюраның даярлау жұмысы құпияда сақталып келген.

Сондықтан ол аталған банкнотты бүгін ғана көріп отырғанын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Мен он мың теңгелік купюраның шығарылатынын естігенмін. Бірақ дизайнын бүгін ғана көріп отырмын. Онда Президентіміздің суреті бейнеленетінін білген де жоқпын. Бәрі құпия болды ғой. Жаңа купюраны бүгін ғана сіздермен бірге көріп жатырмын", - деді А.Аxметов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, жаңа банкноттарды шығару жұмысына банк төрағасының өзге орынбасары - Дина Ғалиева жауапты болған.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен "Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта" тақырыбындағы конференцияда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа мейтойлық 10 000 теңгені таныстырды. Оның айтуынша, жаңа купюра желтоқсанның 1-і -  Тұңғыш Президент күніне орай шектеулі таралыммен бастырылады.

Ол ақшаның нақты таралымы жайында қолма-қол ақша басқармасының бастығы Тоғжан Әбішева айтып берді.

Сондай-ақ бүгінгі шара аясында 5 000 теңгенің мерейтойлық монетасы таныстырылды.

 
Соңғы жаңалықтар