Ақышев пен Сәрінжіпов Медеуде велосипедпен серуендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - "Назарбаев Қорының" президенті және Nazarbayev University қамқоршылар кеңесінің мүшесі Аслан Сәрінжіпов пен ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Медеуде велосипедпен серуендеді.

Бұл туралы А. Сәрінжіпов әлеуметтік желіде хабарлады.

«Демалыста. Медеуге дейін велосипедпен жүріп өттік. Ақышев Данияр Талғатұлы велосипедті жақсы формада екен. Мен одан қалмауға тырыстым», - деп жазды ол Facebook-те.

Желі пайдаланушылары мемлекеттік қызметкерлердің спортқа деген құлшынысын бағалап, Д. Ақышев пен А. Сәрінжіповті мақтады.

Атап өткен жөн, саламатты өмір салты мемлекеттік қызметкерлер арасында кең тарап келеді. Жуырда елдің Премьер - Министрі Кәрім Мәсімов Астана - Бурабай трассасында велосипедпен жүрген болатын.

Айта кету керек, бүгінде К. Мәсімов әлеуметтік желілер арқылы саламатты өмір салтын кең насихаттап келеді.  

Соңғы жаңалықтар