Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 23 °С
Алматы: 22 °С
USD 344.58 EUR 400.51
RUB 5.47 CNY 51.30
Жаңалықтар

Ақышев Bank RBK бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты

2017 жылғы 15 қараша 14:43 1289
Бөлісіңіз:
Ақышев Bank RBK бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Bank RBK-ның қаржылық проблемаларын шешуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, Bank RBK-ның мәселесін шешу теңдессіз тетіктердің бір.

«Ірі кредиторлардың шығындарын бөлу арқылы Bank RBK қаржылық жүйесін сауықтыру - қаржы институттардың қалпына келуіне ықпал ететін жауапкершілікті ерікті түрде бөлісудің алғашқы тәжірибесі. Мұндай ірі банктердің акционерлеріне капиталдандыру бойынша міндеттемелердің ұлғаюы, проблемалы қарыз портфелін есептен шығару жүктеледі. Осы қағидалар біздің заңнамада көрініс табады деп үміттенемін. Әзірге бұл туралы жазылған жоқ», - деді Алматы өткен VII Қазақстан қаржыгерлер конгресінде Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы атап өткендей, банк секторын сауықтыру, Bank RBK-ның қаржылық проблемасын шешу бағдарламасы, ең алдымен салымшылардың мүддесін қорғауға негізделген.

«Бұл банкте 28 мың шот ашылған, онда180 млрд теңге жатыр. Өкінішке орай, менеджменттің тәуекелді стратегиясының салдарынан бұл ақшалар жоғалуы мүмкін. Қазір біз әлеуметтік зардаптарды азайтып жатырмыз, Үкіметпен бірлесіп осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық», - деді Данияр Ақышев.

Болашақта осындай жағдайдың қайталанбауы үшін Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді бақылауды күшейтуде.

«Біздің міндетіміз - азаматтардың сапалы қаржылық қызметтер алуын, олардың салған қаржылары үшін алаңдамауын қамтамасыз ету, ал салық төлеушілер қаржы секторының қателігі үшін ақша төлемеулері тиіс», - деп атап өтті Данияр Ақышев.

Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы қаржылық мәселелерді қалпына келтіру бағдарламаларына қатысып жатқан 4 ірі банктің бар екендігін, алайда ол олардың жағдайларының төмендігін білдірмейтіндігін алға тартты. 

«Банктің бөліп жатқан ресурстары нақты ақша емес, ол банктің капиталында есепке алынатын құралдар. Қалпына келтіру бағдарламасы аясында қаржы алған 4 банк проблемалық банктер қатарына жатпайды. Олардың қаржылық жағдайы бірқалыпты, проблемалық қарыздарының деңгейі төмен, атап айтқанда 25%-дан аспайды. Банктің бағдарламаға қатысуы - оның қаржылық тұрақтылығының жоғары екендігін білдіреді», - деп қорытындылады Данияр Ақышев.

Бұрын хабарланғандай, Ұлттық Банк ҚР Үкіметімен және әлеуетті инвесторлармен бірлесіп келіссөздер жүргізіп, соның нәтижесінде Банкті сауықтыру шараларының кешені әзірленген еді. Қалыпқа келтіру моделіне инвесторлардың есебінен 160 млрд теңге сомасындағы қаражат бөлінген.

 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жомартова Гульнар
Жомартова Гульнар
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат