+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңа қолжазбасы табылды

2019 жылғы 22 шілде 03:35
Бөлісіңіз:
Ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңа қолжазбасы табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Белгілі ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтің жаңа қолжазбасы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Түркістанда жерленген хандар мен сұлтандар» кітабы таныстырылды Оралбай Әбдікәрімов: Тарихи сананың тамыры тереңде Әлдибастау әулиесі


Бұл жөнінде облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, түркітанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Серікбай Қосан мәлім етті. Рухани құндылық Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған игілікті істің бірі болып табылады.

«Орталық ғылыми кітапханасында шайырдың бір төлтума қолжазбасын кезіктіріп, түпнұсқаның электронды-сандық көшірмесін алудың сәті түсті. Т.Ізтілеуұлының бұл қолжазбасының мазмұны жағынан бұрынғы мұраларынан елеулі ерекшелігі бар. Қолжазбаның көлемі 139 парақтан, 278 беттен құралған. Қолжазба «Ізтілеуов Тұрмағамбеттің жинаған материалдары» деп аталады. Шығыста жасалып, Бұхара мәдениетінің стилінде өңделген. Кардон қағазбен тысталып, түптелген қолжазбаның биіктігі – 35, ені – 12 сантиметрді құрайды», - деді Серікбай Қосан.

Серікбай Қосанның айтуынша, Тұрмағамбет Ізтілеуовтің бұл қолжазбасы шамамен 20-жылдардың бедерінде хатқа түсе бастаған сияқты. Оның бір дәлелі, қолжазбаның 195-бетінде «Президум КазЦик КССР. 1927 г.» деген тақырыппен үкімет мүшелерінің тізімі берілген.

«Ондағы 15 азаматтың арасында ҚазАтком төрағасы Е.Ерназаров, ҚазХалком Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов, Ауыл Шаруабанк бастығы Ұ.Құлымбетов секілді сол тұстағы белгілі тарихи тұлғалардың есімдері аталған», - деді Серікбай Қосан.

Серікбай Қосан ақын-аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуовтің отызыншы жылдарда билік тарапынан қудаланып, оның жазған кейбір дүниелері қолды болғанын айтады. Сондықтан бұл қолжазбаны тиісті орындарға кімнің өткізгені нақты емес екенін айтады.

«Тұрмағамбет өзінің кейбір қолжазбаларын Т.Жүргенов сынды жақын інілеріне, Қалмақан, Өтебай секілді хатшыларына сеніп қалдыруы бек мүмкін. Ал солардың қайсыбірі аталған азаматтардың қолымен кітапхана қоймаларына өткен шығар. 30-жылдары Алматыда «Ағарту, мәдениет қоғамдары» ашылып, онда көптеген қаламгер қызмет атқарды. Ел-жерден тілшілер тартылып, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бай қоры жинақталды. Сөз болып отырған қолжазбаны аталған мекеме өкілдеріне Тұрмағамбеттің өзі өткізуі мүмкін-ау деген де ой келеді», - деді Серікбай Қосан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT