Ақын, композитор Нұрболат Бекетаевтың «Туған елім» атты шығармашылық кеші өтеді

None
None
АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат - Ертең, маусымның 12-сі күні елордадағы Конгресс-Холл сарайында ақын, композитор Нұрболат Бекетаевтың «Туған елім» атты шығармашылық кеші өтеді.

Кешке Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова, танымал ақындар Шөмішбай Сариев, Қонысбай Әбіл және еліміздің танымал әншілері қатысады.

Нұрболат Бекетов Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Есімі айтыскер ақын ретінде де танымал. Өлеңдері мерзімді басылымдарда жарық көріп тұрады. «Баршаға бақыт сыйлаған» деген тақырыппен өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Ән жазумен де айналысады.Туған ел туралы патриоттық әндері радио мен теледидарда орындалып жүр.

Соңғы жаңалықтар