Ақын Айбек Қалиев «Айтыстың ақтаңгері» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында өткен республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін Айбек Қалиев жеңіп алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Республикалық ақындар айтысы Оңтүстік Астанадағы Студенттер сарайында өтті. Екі күнге созылған айтыстың бас жүлдесіне  су жаңа автокөлік тігілген болатын. Ақындардың сөз додасын елімізге белгілі Асанәлі Әшімов, Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, Серік Қалиев, Бауыржан Халиолла мен Дәулеткерей Кәпұлы бағалады.

Айтыста алдына жан салмай, бас жүлдені иеленген Айбек Қалиевке автокөлік сыйға тартылды. Бұған қоса «әгигәгім» әуенімен асықпай-ақ сөз асығын алшысынан түсіретін ақынға «Айтыстың ақтаңгері» атағы берілді. Осылайша, ақын биылғы «Алтын домбыраның» иегері болды. Ал бірінші орынды жеңіп алған батысқазақстандық Жансая Мусинаға 1 миллион теңге табысталса, жүлделі екінші орынды иеленген Еркебұлан Қайназар мен Мейірбек Сұлтанханға 500 мың теңгеден жүлде берілді. Үшінші орын үш ақынға, атап айтқанда Тілеген Əділов, Ершат Қайырхан мен Халижан Білдəшқа бұйырды.

Соңғы жаңалықтар