Ақын А.Бақтыгерееваның 65 жылдығына орай жыр мүшәйрасы жарияланды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Белгілі ақын, биылғы тамызда 65 жасқа толатын  Ақұштап Бақтыгерееваның мерейтойына орай жыр мүшәйрасы жарияланды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еркіндігім, өз елім, Жырла, Жайық өзенім» деп аталған өлең бәйгесіне 14-29 жас аралығындағы облыс жастары қатыса алады.

Өлеңдер биылғы қыркүйектің 16-сына дейін «Жайық Пресс» ЖШС-ына жолданады. Бұл - облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерін біріктіретін аталмыш серіктестіктің соңғы екі жылда ұйымдастырып отырған үшінші мүшәйрасы.

Соңғы жаңалықтар