+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақылы жолмен жүру тарифі өзгере ме

2021 жылғы 9 қыркүйек 14:57
Бөлісіңіз:
Ақылы жолмен жүру тарифі өзгере ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда ақылы жолмен жүру тарифі өзгертілмейді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақылы жолдардың апатты учаскелерінде төлем алынбайды Елімізде 7 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылды

«Ақылы жолмен жүру тарифі 2013 жылы бекітілген. Содан бері өзгерген жоқ және өзгермейді де», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның дерегінше, елімізде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымына 1 теңгені, ауыр жүк көліктері үшін 1 шақырымына жүк сыйымдылығына байланысты 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ал көршілес Ресейде жеңіл автокөліктер 1 шақырым үшін 7 теңге және жүк көліктері 7-ден 55 теңгеге дейін төлейді. Еуропа елдеріндегі тарифтер жүк көліктері үшін 5 есе, ал жеңіл автокөліктер үшін 20 есе жоғары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT