Ақылы жолдарды тапсыру мерзімдері үнемі кейінге шегеріледі - Божко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Ауыл шаруашылығы министрлігінен орман қоры учаскелерін жол құрылысына беру шараларын жылдамдатуды талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Републикалық маңызы бар жолдар бойынша маңызды мәселенің бірі -  ақы алу жүйесін енгізу. Шаралар жоспары бойынша бұл жүйемен 2015 жылы 211 шақырым, 2016 жылы - 469, 2017 жылы - 5296, ал 2018 жылы тағы да 480 шақырым қамтылуы тиіс еді. Дегенмен де оңтайлы тәжірибе де бар. Қазіргі кезде «Астана - Щучинск» жолының 250 шақырымы ақылы, бұл учаскеде жыл сайын 1,5 млрд теңге жиналуда», - деді В. Божко.

Осы орайда ол биыл «Қазавтожол» компаниясы Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас, Астана-Теміртау жолдарына ақылы жүйені енгізуді жоспарлап отырған еске салып өтті.

«Осы жұмыстар ертеректе жүзеге асырылуы тиіс еді. Бұл өз кезегінде жолды күтіп ұстауға қажетті қаржыны жинауға берілген мүмкіндік болатын. Осы орайда ақылы учаскелерді іске қосу мерзімдері үнемі неге кейінге шегерілгені түсініксіз болып отыр», - деді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, 2018 жыл жол құрылысы үшін өте қарбалас өтуде. Бұл тұрғыда 528 шықырымдық 22 жобаны аяқтау міндеті белгіленген, сондай-ақ басқа да маңызды бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.

Соңғы жаңалықтар