Ақылы тұрақтағы кептеліс Астанадағы т/ж вокзалының жұмысына кедергі келтірмеді - ҚТЖ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 қаңтардан бастап Астанадағы вокзал маңындағы алаңның аумағында ақылы тұрақ іске қосылды. Рұқсатнама жүйесінің салдарынан бүгін вокзал маңы аумағында кептеліс тудырды.

null
«Астана LRT» елордадағы көлік инфрақұрылымы саласының бірыңғай операторы теміржол вокзалы ғимаратында ақылы тұрақтың құнын төлейтін үш автомат орнатты. Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылдың 19 қазанындағы қаулысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жалдап отырған вокзал маңы алаңының аумағын қысқарту туралы өзгеріс енгізілді. Ақылы тұрақ қызметі ұйымдастырылған вокзал маңы алаңының бөлігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығына қарамайды», - деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

null  

Вокзал маңы аумағындағы кептеліс теміржол вокзалының жұмысы мен жолаушыларды тасымалдау қызметін ұйымдастыруға кедергі келтірмеді. 

Айта кетейік, Астана теміржол вокзалы тәулігіне 20 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсетіп, 90-нан астам жолаушылар пойызын жіберіп және қабылдап отырады. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар