Ақылы екпе кабинеттерінде КВИ-ге қарсы вакцина салынбайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақылы екпе кабинеттерінде КВИ-ге қарсы вакцина салынбайды. Неліктен мұндай шектеу барын бүгінгі лекторийде ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцинаға көнетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа қарсы вакциналау біздің елдің азаматтары үшін тегін болады. Сол себепті Үкіметтің резервінен осы мақсатта қаражат бөлінеді. Қанша қаражат керектігі жөнінде Қаржы министрлігіне мәлімет жолданған. Бүгін немесе ертең біздің елге вакциналар жеткізілуі керек. Вакциналау – мемлекеттік құрылымдарда, Денсаулық сақтау министрлігінің құзырындағы емханалардың екпе кабинеттерінде ғана қолжетімді екенін ескеру керек. Яғни ақылы екпе кабинеттерінде немесе вакциналау клиникаларында коронавирусқа қарсы вакцина егілмейді», - деді Нұршай Әзімбаева Zoom арқылы ұйымдастырылған лекторияда.

Басқарма басшысы ақылы екпе кабинеттерінде коронавирусқа қарсы вакцина неліктен егілмейтінін түсіндірді.

«Бір де бір өндіруші (вакцинаны) жеке құрылымдармен жұмыс жүргізбейді. Яғни өндірушілердің бәрі ең алдымен мемлекеттік құрылымдағы емханаларды вакцинамен қамтуды мақсат етеді. Сондықтан жеке клиникалар, жеке медициналық ұйымдар өндірушіден вакцинаны сатып ала алмайды. Біз вакциналау мақсатында өте ауқымды контингентті қарастырып жатырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар