+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

«Ақылды» заттардан қандай қауіп бар - Әлемдік баспасөзге шолу

2018 жылғы 27 қазан 10:26
Бөлісіңіз:
«Ақылды» заттардан қандай қауіп бар -  Әлемдік баспасөзге шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік ақпарат көздеріне шолу ұсынады.

Австралиялық миллионер «Титаник» кемесінің көшірмесін жасамақ - USA Today

Австралиялық магнат Клайв Палмер «Титаниктің» көшірмесін салу жобасын қолға алыпты. USA Today басылымында жазылғандай, «Титаник ІІ» деп аталатын жаңа кеме 2022 жылы Сингапурден Дубайға, ары қарай Саутгемптонға (Англия) және «Титаниктің» жолымен Нью-Йоркқа дейін жүріп өтпек. Бұл жобаны Клайв Палмер басқаратын Blue Star Line компаниясы қолға алыпты.

«2012 жылы қолға алынған жоба қаржылық дау-дамай кесірінен үш жыл бұрын тоқтатылған болатын. Жаңа кемені салуға 500 миллион доллар кетеді деп болжанып отыр. Ал кеме 2400 жолаушы мен 900 экипаж мүшесіне лайықталған. Кеме барлығына жеткілікті болатын шлюпкалар мен соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталатын болады» деп жазады басылым.null

Мақалада айтылғанындай, жоба авторы Клайв Палмер «Титаник ІІ» тарихи кемесімен саяхатқа шығуды қалаған адамдардың арманын орындайтын мүмкіндікке айналатынын жеткізген.

1912 жылы 10 сәуір күні бір ғана рейс жасап үлгерген «Титаник» кемесі 2208 адамға арналған болатын. Саутгемптоннан Нью-Йоркке аттанған кеме түнде айсбергке соғылып, 1496 адам қаза тапқан еді.
Жасанды интеллект салған портрет 432 мың долларға сатылды - ВВС

Нью-Йорктегі Christie's аукционында жасанды интеллект бағдарламасы арқылы салынған сурет 432 мың долларға сатылды. Сатылымға шығарылмас бұрын картина негізінен 7-10 мың долларға бағаланған екен. Бұл туралы ВВС басылымы хабарлады.

«Эдмонд де Белами портреті» деп аталатын картинаны салған бағдарлама алгоритмін Париждің Obvious арт тобы жасаған. Олар алгоритм базасына 14-20 ғасырда салынған 15 мың портретті енгізіпті. Ал бұл портрет жасанды интеллект арқылы салынып, аукционда сатылған алғашқы өнер туындысы ретінде тарихта қалатын болады», деп жазады басылым.null

Мақала авторының жазуынша, алғашында небәрі он мың долларға бағаланған картина 432 мың долларға сатылған соң, оған бұқаралық ақпарат құралдарының қызығушылығы артқан. Ал аукционды ұйымдастырушылардың айтуынша, жасанды интеллект болашақта өнер нарығына әсер ететін көп технологиялардың бірі ғана. «Дегенмен, бұл технологиялар өнерді қалай өзгертетінін дөп басып әлі ерте», дейді автор.
Әлем бойынша интернетке қолжетімділік күрт төмендеді - The Guardian

Әлем бойынша интернетке қолжетімділік деңгейі төмендеп, миллиардтаған адам цифрлық революцияға қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы The Guardian басылымының эксклюзив материалында жазылған.

Мақалада жазылғандай, Web Foundation ұйымы келесі айда жариялайтын баяндамада 2015 жылда бастап бүкіл әлемде интернеттің қолжетімділігі төмендеп жатқаны айтылған. «Интернетке қолжетімділіктің төмендеуі алаңдататын жағдай. Бір жерлерде халықтың интернетке қолы жетіп, бір жерлерде мүлдем интернетке кіру мүмкіндігіне ие болмау үлкен проблема. Бұл теңсіздіктің көрінісі», деп жазады басылым.

Мақала авторы БҰҰ 2014 жылы болжам жасалып, 2017 жылы әлемнің тең жартысында интернет болады дегенін еске ала отырып, бұл көрсеткішке енді тек 2019 жылы жету мүмкін екенін жазады.

«Бүгінде 3,8 миллиард адам мүлдем интернетке кіре алмайды. Олардың көбі әйелдер. Интернетке қолжетімділік бұларды білім беру, онлайн қызмет алу және басқа да салалардағы мүмкіндіктер мен жетістіктерден алшақтатып отыр. Үздіксіз дамып жатқан цифрлы дәуірде интернетке қолжетімділіктің төмен болуы расымен қиын жағдай», дейді автор.null

2050 жылы тамақ өндірісінің климатқа тигізетін кері әсері артады - Washington Post

Washington Post басылымында тамақтанудың климатқа әсері туралы зерттеулерге негізделген көлемді мақала жарияланды. Онда бүгінгі таңда планета тұрғындарының он пайызының аузы асқа жарымай отырғаны, сонымен қатар 2 миллиард адамның артық салмақ пен семіздікке шалдыққаны айтылған.

«Тамақтанудың жаһандық жүйесі жер алқаптары мен басқа да ресурстарды азайтып жатыр. Сондай-ақ атмосфераға тарайтын парниктік газдардың төрттен бірі тамақ өнеркәсібінен шығады. Бұл өз кезегінде кейбір биологиялық түрлердің жойылуына әкелуі мүмкін» деп жазады автор.

Оның айтуынша, бұл жағдай болашақта мүлдем нашарлауы мүмкін.

«Оксфорд Мартин мектебінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, 2050 жылы 10 миллиард адамның қалай тамақтануы керектігін анықтап көруге тырысқан. Ғалымдардың айтуынша, егер олар экологиялық тамақтануға көшпесе, тамақ өндірісінің климатқа кері әсері 2050 жылы 60-90 пайызға артатын болады», деп жазылған мақалада.

Ғалымдардың айтуынша, тамақ өндірісіндегі парниктік газдардың тең жартысы ет пен сүт өнімдеріне тиесілі екен. «Бұл ретте көптеген адамды экологиялық тамақтануға көшіру үшін үлкен саяси және экономикалық шараларды қолға алу қажет», депті зерттеу жетекшісі Марко Спрингманн.

Сондай-ақ зерттеу авторлары ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысты шаралар қабылдау керектігін айтып отыр. Мысалы, жер тыңайтқышын қолдануды азайту, суды үнемдейтін суару техникасына көшу.null
«Ақылды» заттардан қандай қауіп бар? - The New York Times

Әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялар заттар интернеті негізінде көптеген жаңа жобаларды қолға алып жатыр. Дегенмен, жаңа технологияларға мемлекет тарапынан бақылау болмаса, қауіпсіздік пен жеке өмірдің дербестігіне қауіп төніп тұрған көрінеді. Бұл туралы The New York Times басылымында жарияланған мақалада кеңінен талдау жасалған.

«Бұл салада жаңа автокөліктер, есіктер, көз линзалары, киім, тостер, тоңазытқыш, өндірістік роботтар секілді күнделікті өмірге арналған жаңа заттар көбейіп жатыр және олардың барлығы цифрландырылуда. Әсіресе, Amazon, Apple мен Samsung «заттар интернеті» негізінде көптеген жобаларды қолға алған» деп жазады басылым.

Мақалада айтылғандай, өткен айда Amazon дауыс арқылы жұмыс істейтін қысқа толқынды пешті таныстырды. Сонымен қатар Amazon басқа тұрмыстық техниканы іске қосуға мүмкіндік беретін чип те сатады. Facebook пен Google да дауыс арқылы видео көруге немесе басқа да қызметтерді іске қосуға мүмкіндік беретін жүйені таныстырған болатын.

«Заттар интернеті жылдам дамып жатыр. Тұрмысымыздағы барлық заттар цифрлануы мүмкін. Дегенмен, бұл қауіп-қатерлер туралы ойлайтын уақыт жеткенін көрсетеді. Барлық заттардың компьютерленуі бүкіл әлемге компьютерлік қауіпсіздік проблемасын туғызады және бұл сөзсіз мемлекеттің араласуын қажет етеді», деп жазады басылым.

Әрине, Smart технологиялар өте ыңғайлы. Дегенмен, тұрмыстық техникалардың мұндай бизнес моделі үнемі қауіпсіздікті қадағалауға итермелейді. Ал бұрын тек дәстүрлі есептеу техникасы ғана қадағаланатын еді.

«Заттар интернеті өте үлкен қауіптің синониміне айналды. Былтыр F.B.I. ата-аналарға ақылды ойыншықтардың қаупі туралы ескертті. Интеллектуалды құрылғылар тіпті ұлттық қауіпсіздікке де зиян келтіруі мүмкін», - дейді АҚШ ұлттық барлау қызметінің директоры Дэн Коутс. Оның айтуынша, адамдар технологиялық жетістіктерді қуып жетуі үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет. Себебі реттеу мен бақылау инновацияларды бәсеңдетеді.

«Барлық заттардың «ақылды» болуының үлкен артықшылықтары бар. Дегенмен, оның қаупі де соншалықты үлкен», деп жазады автор.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT