«Ақылды қала» технологиярын кешенді түрде енгізу бағытында Астана тартымды болып тұр - Cisco компаниясы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде жоғары технологиялар үлкен шаһарларды тұрғындар үшін барынша қолайлы етуге және туристер үшін тартымды қылуға мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибеге қарағанда, соңғы буынды технологиялар көшелердегі көлік кептелісі проблемасын шешуге, коммуналдық инфрақұрылымды тиімді пайдалануға және басқа да қажетті шараларды атқаруға қомақты үлес қосуда. Осы орайда Астанада «ақылды қала» жобасында пайдаланылатын инновациялық технологиялардың мүмкіндігі жайында Cisco компаниясының ТМД елдерінде бизнесті дамыту бойынша директоры Лев Левиннен сұхбат алуды жөн көрдік. Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта Cisco компаниясы Қазақстан елордасындағы жоба мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша өздерінің ұсынысын даярлап жатқан көрінеді.

- «Ақылды» қалалардың құрылысы бойынша Cisco компаниясының бастамасы туралы айтып берсеңіз?

- Ауылдық жерлерден халықтың көші-қонына байланысты қалалардың алдында тұрған түйткілді мәселелердің өсімі байқалуда. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаның ластануына, халықтың шамадан тыс тығыз орналасуына, бюджеттік және өзге де ресурстардың тапшылығына алып келеді. Болашақта әлем халқы өсімінің 90 пайызға жуығы, байлықтың 60 пайызы мен жалпы энергия тұтыну көлемінде 60 пайызы қаланың үлесінде болады. Ресейде бұл көрсеткіштер елеулі түрде көрініс беруде. Тозығы жеткен қалалық инфрақұрылымға айтарлықтай ауыртпалық түсуде. Қалаларда жаңғырту жұмыстарына қаржы жетіспейді.

Осы проблемалардың барлығын ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың басымдығын пайдалана отырып, тиісті шешімдерді жүзеге асыру жолымен айтарлықтай еңсеруге болады. «Ақылды қала» - ол қала инфрақұрылымының негізгі элементтерін, датчиктерін, бейне камераларын және электрондық қызметтер жүйесін бірыңғай технологиялық тұғырнамаға қосуға негізделген техникалық шешімдер мен үдерістердің кешені. Осы тұрғыда қалалықтардың өмір сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға болады, сондай-ақ қаладағы шаруашылықтар мен қызметтердің тиімділігін арттырып, бизнесті жүргізуге және инновацияларды дамытуға тартымды жағдай жасауға мүмкіндік болар еді. Осы басымдықтардың барлығы қаланың шығыстарын оңтайландыру мүмкіндіктерін жасап, шаһардың қосымша табыстарын арттыруға ықпал етеді.

Бірыңғай тұғырнамадағы ықпалдастық «ақылды қаланы» құруда ең басты элемент болып табылады. Себебі ол түрлі жүйелерден ақпаратты жинау мен өңдеуді оңтайландыруға, шынайы уақыт режімінде қаладағы қызметтердің сапалы шешімдерді қабылдауын арттыруға жағдай жасайды, сонымен қатар шаһардағы әртүрлі департаменттердің бір бірін қайталайтын ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын құруына жол бермейді.

- Астанада «ақылды қаланың» қандай элементтерін енгізуді қарастырып отырсыздар?

- Астанада бөлек элементтерді біртұтас желіге ықпалдастыруға үлкен әлеует бар. Осы орайда біз Қазақстан елордасында «ақылды қаланы» құру мен ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша ұсыныстар даярлау аясында жұмыстарды атқарып жатырмыз. Бірқатар компаниялар мен ұйымдардың басшыларымен бірнеше кездесулер өткізілді. Таяуда Астанаға Cisco компаниясының индустриялық шешімдердің бизнесін дамыту бойынша, оның ішінде «ақылды қала» бағытында жұмыс істейтін жаһандық басшысы Мэттью Смит сапармен келді. Бұл тұрғыда біз Қазақстан елордасында кешенді қадамдарды енгізуге ниеттіміз.

Жоба аясында WiFi таратудың және бейне бақылаудың бірыңғай инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның негізінде тұрғындар мен компаниялар, мемлекеттік сектор үшін қоғамдық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік беретін техникалық шешімдерді енгізу көзделеді. Атап айтқанда, осы орайда «Зияткерлік көліктік жүйе», қоршаған ортаны мониторингілеу, «Ақылды тексеріс», «Ақылды автобус», «Ақылды жарықтандыру», «Ақылды автотұрақ», «Ақпараттық қызметтер», «Ақылды ТКШ», сондай-ақ «Қауіпсіз қала» қызметтері қамтылады.

Осындай жобаны енгізу арқылы қаладағы қауіпсіздік артып, көлік кептелістерінің көлемін кем дегенде 25 пайызға кемітуге, қоғамдық көлікті пайдалану тиімділігін 50 пайызға арттыруға, ТКШ саласында шығындарды 80 пайызға қысқартуға, қаланы жарықтандыруға жұмсалатын қаржыны 40 пайызға дейін үнемдеуге, тұрғындар мен кәсіпкерлер және туристер үшін шаһардың тартымдылығын арттыруға жол ашылады.

- Жобаны жүзеге асырудың мерзімі жайында айтып берсеңіз?

- Барлығын тегіс қамтитын Интернет саласында, оның ішінде қалалар үшін ақылды шешімдер бағытында технологиялар өте жылдам өзгереді. Мәселен, 18-36 ай ішінде жаңа технологиялар пайда болады. Осы жаңашылдықтарды енгізуді шегере берген сайын, соғұрлым технологиялық тұрғыда қалыс қалатын жағдай қалыптасады.

Мұнымен қоса, шығыстарды оңтайландырудың арқасында және бюджетке қосымша кірістердің көзін құру негізінде осындай жобалар өз-өзін қысқа мерзімде ақтай алады.

Ең маңыздысы осы тектес шешімдер техникалық тұрғыда тәжірибе жүзінде тексеруден өткен және ұзақ уақыт тестілеуді қажет етпейді. Осы арқылы қалалар бұндай кешенді шешімдерді тездетіп енгізуге ниетті. Оны енгізу жобаның ауқымына байланысты бірнеше айдан бір жылға дейін немесе одан да көп уақытты алады.

- Қазақстанда қандай салалар бірінші кезекте «ақылды» технологияларды енгізуді қажет етеді?

- Бірінші кезекте Республиканың экономикасы мен адам өмірі үшін ең маңызды салалар қамтылуы керек. Атап айтқанда, қалалар, көлік, оның ішінде теміржол, мұнай-газ саласы, өндіруші өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім саласы және басқа бағыттарға назар аударған жөн.

- Ресейде «ақылды қала» элементтерін енгізудің мысалдарына тоқталсаңыз?

- Иә, Мәскеу мен Қазанда «ақылды қала» элементтері жүзеге асырылды. Мәскеуде «Қауіпсіз қала» жүйе іске қосылып, 137 мың бейнекамералар орнатылды. Қазіргі заманғы талдау жүйесінің көмегімен бұл бейнекамералардан келіп түскен ақпаратқа сараптама жүргізіледі және қажет болған жағдайда тиісті қызметтер қосылады.

Сонымен қатар Мәскеуде жүзеге асырылған тағы бір жоба «Зияткерлік көліктік жүйеге» байланысты. Барша қала бойынша 6,5 мың арнайы датчиктер орнатылды. Бұл құрылғылар түрлі көшелердің учаскелерінде көліктің ағымын өлшейді. Барлық ақпарат бір орталыққа жинақталып, ахуалға байланысты бағдаршамдарды басқару мен жолдарда жылдамдықты шектеу бойынша тиісті шешімдер қабылданады. Келіп түскен мәліметтер негізінде ұзақмерзімді кезеңге қаладағы қозғалысты ұйымдастыруды жоспарлау іске асырылады. Қазан қаласында да «Қауіпсіз қала» бейне бақылау жүйесі жүзеге асырылды.

- Әлемдегі ең ірі «ақылды қалаларды» атап өтсеңіз?

- Бүгінде Интернетпен тегіс қамтудың 260 кешенді жобасы іске қосылған. Олардың көбісі «ақылды қалалар» саласын қамтып отыр.

Мысалы, Барселона, Ницца, Нью-Йорк, Чикаго, Сан-Франциско, Копенгаген, Гамбург және басқа да шаһарларды бұл технологиялар бар. Барселонада бастапқыдан «ақылды қала» тұжырымдамасы құрылып, бұл бағытта кешенді қадамдар жасалды. Барлық элементтер, яғни жарық беру, қоғамдық көлік, автотұрақ, қоқыс шығару, қалалалық wi-fi, ақпараттық қызметтер жақсы ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар