«Ақылды экспорт 2.0» бизнес-практикумы өтіп жатыр

None
None
QazTrade академиясы отандық тауар өндірушілерге үш деңгейлі оқу бағдарламасы – «Ақылды экспорт 2.0» бизнес-практикумын бастады. Онлайн режимде 5 күнге созылған іс-шараның бастапқы деңгейіне 140 компания өкілі қатысып, құзіреттерін арттыруға мүмкіндік алды.

Әлішер Махмудов семинар қатыушыларына қазақстандық тауарлар мен қызметтерді әлеуетті сатып алушылармен келіссөздерді B2B форматында өткізуді жоспарлау жайы, келіссөзші қандай дағдыларды білу керектігі, нәтиже қандай болса да келіссөзді қалай дұрыс аяқтау қажеттігі туралы түсіндірді.

«Ең бастысы B2B келіссөзі барысында Қазақстандағы, Орталық Азиядағы ахуалды ғана емес, әлемде не жағдай орын алып жатқанын жете білуіңіз қажет. Сараптамалық есеп-қисаптарды да жіті түсіне білуіңіз маңызды. Қажет болған жағдайда, ұнға, бидайға, күнбағыс майына қатысты мұндай есеп-қисаптарды апта сайын қадағалап отырған жөн. Мәселен, ақпанда Қазақсандағы күнбағыс майының бағасы 1250-1 300 доллар болса, өздеріңізге белгілі оқиғалардан кейін 1700 долларға дейін қымбаттап кетті. Майдың негізгі жеткізушілері - Украина мен Ресей порттары. Қазір Украинада үлкен көлемі жинақтлап қалған. Олар 308 доллардан өткізе алмай отыр. Ал бізде - 700 доллар. Мұндай мысалдар өте көп. Міне, осындай кезде келіссөз жүргізуші, сатып алушы жағдайда нақты білуі тиіс», - деді Әлішер Махмудов.

Ал Манас Гиждуаниев пен Дәурен Хасенов қазақстандық компанияларда ESG әдістерін енгізу мүмкіндігі, жасыл қаржы құралдары және оларды «Астана» ХҚО-да орналастыру жайында сөз қозғады.

«Тұрақты даму саласындағы жасыл қаржы құралдарының нарығы қарқынды дамып келе жатыр. 2021 жылы тек жасыл облигациялардың жиындық көлемі шамамен 523 млрд, тұрақты облигациялар 200 млрд, әлеуметтік облигациялар 223 млрд долларды құрады», - деді Манас Гиждуаниев.

Даур Чигамбаев семинар барысында жаңа экспорттаушылар үшін жұмысты неден бастау және ақпараттық қайдан іздеу керектігін айтып, экспорт үшін қандай құжаттар қажеттігін, кедендік рәсімдеуден қалай өтуге болатындығын жан-жақты түсіндірді.

«Ақылды экспорт 2.0» бизнес-практикумының орташа деңгейі 2022 жылдың 1-10 тамыз, тәжірибелі деңгейі 1-10 қазан күндері өткізіледі. Көшпелі семинарлар 15 тамыз және 15 қазан күндеріне жоспарланған. Бағдарламаға қызығушылық танытсаңыз келесі сілтеме арқылы тіркеле аласыз.

«QazTrade» АҚ – шикізаттық емес өнімнің экспортын дамыту мен ілгерілету жөніндегі негізгі институт саналады және қызметтер мен мемлекеттік қолдау іс-шараларының кең спектрін ұсынады.


Соңғы жаңалықтар