Ақылды адамдар семіздікке шалдықпайды - зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрлі ауруларға шалдығу мен ақыл-ой деңгейінің арасында генетикалық байланыс бар. Оны 100 мыңға жкық адамның мәліметтерін талдаудан өткізген Эдинбург университетінің зерттеушілері анықтады. Мамандар білім деңгейі, ауызша, математикалық ойлау қабілеті дәне Альцгмейгер ауруы, инсульт арасында теріс арақатынасты анықтаған, деп жазады The Daily Mail.

Басқа сөзбен айтқанда, проблемаларын оңай шеше алатын білімді адамдардың арасында жоғарыда аталған аурулар сирек кездескен. Сондай-ақ ақылды адамдар семіздікке бейім болған жоқ.

Мысалы, білімі аз адамдарға дұрыс тамақтану пайдасына таңдау жасау қиынға соғады. Мамандар ақылды адамдарға бәрі бірдей жақсы болмайтынын қосып өтуде. Осылайша, білім алуға қатысты генетикалық нұсқалар шизофрения, биополярлық ауытқушылық және аутизммен байланысты болып шыққан.

Соңғы жаңалықтар