Ақұштап Бақтыгереева бастаған БҚО зиялылары Елбасына қолдау көрсетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық зиялы қауым өкілдері Елбасына өз ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Ұлы даланың еркіндік алған ғасырының тұңғышы болып тізгінін ұстау Сіздің маңдайыңызға жазылған тағдыр екені даусыз. Сын сағаттардан сүрінбей өткен шыдамыңыз бен парасатыңызға куәміз, ризамыз!

«Мың өліп, мың тірілген» ұлтымыздың сан түрлі мінезін де көтеріп, бүкіл әлем алдында абыройын асқақтатып көрсету үшін жасаған істеріңіздің ұшан-теңіз екені тарихқа жазылып қалды. Бұл күнде бүкіл әлем көшпенділер мекені деген қазақ даласын Сіздің есіміңізден танып білді. Алаштың ұранын да, жыр-әнін де өзіңіз бастап айтып, өз халқыңыздың өшіп бара жатқан рухын көтерген қайраткерлігіңізге сүйсіндік, қайран қалдық.

Халықтың құрметіне бөленген қазақтың арлы азаматы екеніңіз даусыз. Нар тұлғаңызбен бастап келген тарихи белесіңіз туған халқыңыз үшін нұрлы болашақтың сәтті жолы болғай!

Бар болыңыз, аман болыңыз. Біз сізбен біргеміз!», - делінген хатта.

Оған батысқазақстандық зиялылар атынан ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева, ҚР еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердок Қажмұратов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Қатимолла Бердіғалиев, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» жеңімпазы Жансая Мусина қол қойған.

Соңғы жаңалықтар