Ақтүтек боран салдарынан үш өңірде жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «QazAvtoJol» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған.

Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» (18-231 шақырымы), «Нұр-Сұлтан - Қорғалжын» (19-180 шақырымы), «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» (16-200 және 200-242 шақырымы), «Екатеринбург - Алматы» (1006-1247 және 1291-1353 шақырымдары), «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» (51-102 шақырымы), «Қызылорда - Павлодар» (1135-1250 және 1066-1135 шақырымдары) және «Нұр-Сұлтан - Қарағанды» тасжолдары жабылды.

Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған.




Соңғы жаңалықтар