Актриса Шолпан Елгезек мерт болған жол апатына себепкер жүргізуші ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал актриса Шолпан Елгезек қаза тапқан жол апатын жасаған «Mercedes Benz G-55» жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 желтоқсан күні Алматыда адам өліміне себепші жолған жол-көлік оқиғасынан кейін қашып кеткен «Mercedes Benz G-55» жол талғамайтын көліктің жүргізушісіне іздеу жарияланып, оны полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға қамауға алынды», - деді Алмас Садубаев.

Сонымен қатар ол қаза тапқандардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алғандардың тез арада сауығып кетуіне тілекші екендігін білдірген.

«Тергеу бөлімшесі жол-көлік апатын жан-жақты тексеру үшін қажетті барлық шараларды қабылдап жатқандығына сендіргім келеді. Жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігіне шәк келтіретіндей еш негіз жоқ.  Іс бақылауда тұр», - деді департамент басшысы.

Бұған дейін Алматыда жол апатынан танымал актриса Шолпан Елгезек пен тағы екі кісі көз жұмғанын хабарлаған едік.

 

 

Соңғы жаңалықтар