Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Актриса Самал Еслямова референдумда дауыс берді

2022 жылғы 5 маусым 12:21

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда белгілі актриса Самал Еслямова конституциялық құқығын пайдаланып, № 595 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығы орталығында орналасқан № 595 референдум учаскесінде белгілі актриса, Канн фестивалінің үздігі атанған Самал Еслямова дауыс берді.

Солтүстік Қазақстан облысы Аралағаш ауылының тумасы бұл жолы да таңдауын туған жерінде жасады. Сол үшін астанадан арнайы келген.

«Адам баласы болған соң жақсылық күтеміз, үмітіміз зор. Конституциялық түзетулердің жалпы негізгі идеясы – мемлекеттік құрылыс нысанын өзгерту ғой. Болашаққа сенімім зор, өмір сүру деңгейі тек жақсара түседі деп ойлаймын. Ол үшін әр қазақстандық та жұмыс істеуі керек», - дейді Самал Еслямова.

Жалпы бұл референдум учаскесінде 1336 петропавлдық тіркелген.

«Жалпы, дауыс беруге таңертеңнен көбінесе егде жастағы адамдар келді, түске қарай әдетте жастар келеді. Алғаш рет дауыс беріп жатқандардың саны 15 адам. Осы уақытқа дейін 1 соғыс ардагері және 20 тыл еңбеккері таңдауын жасап кетті», - дейді № 595 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Қанат Сәдуақас.

Бұған дейін СҚО-дағы сайлау учаскелерінде жәрмеңке ұйымдастырылғанын айтқан едік.

Ал СҚО-дағы тергеу изоляторында отырған 155 адам референдумға қатысты.


Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары