+7 (701) 759 90 19
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Актриса қаза тапқан жол апаты: Gelandewagen жүргізушісіне қатысты сот басталды

2019 жылғы 12 ақпан 15:47
Бөлісіңіз:
Актриса қаза тапқан жол апаты: Gelandewagen жүргізушісіне қатысты сот басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық қылмыстық істер бойынша сотта Абай мен Сейфуллин көшесі қиылысында үш адамды мерт қылған жол апатына қатысты сот басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Gelandewagen иесі 34 жастағы Ильяс Кар сот алдында жауап беріп жатыр. Күдікті жол ережесін бұзғаны үшін, үш адамнан аса адамды мерт қылған жол апатына себепкер болғаны үшін жауапқа тартылуда. Сот отырысына марқұм актриса Шолпан Елгезекованың анасы мен туыстары, әріптестері қатысты.

Айта кету керек, қайғылы оқиға 29 желтоқсанда болған еді. Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Mersedes Gelаndеwagen және Mitsubishi Galant көліктері соқтығысқан болатын. Mersedes Gelаndеwagen көлігі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Жол апатынан 3 адам - Mitsubishi Galant жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды.

Олардың арасында белгілі актриса Шолпан Елгезек бар. Кейін белгілі болғандай, 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі көлігін мас күйінде жүргізген.

«Mercedes Gelandewagen» маркалы автомобиль жүргізушісі, 1985 жылы туған Кар Ілияс Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында жол апатын жасағандықтан, ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 345-бабына және 347-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізілді.

Айта кетейік, аталған жол апатынан аман қалған жалғыз жолаушы - актриса Айзада Сатыбалдиева қабырғалары сынып, ауыр халде ауруханаға түскен болатын. Екі аптадан соң актрисаның беті бері қарап, үйіне шығарылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Сот, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT