+7 (701) 759 90 19
USD 431.03 EUR 471.76
RUB 5.85 CNY 61.32
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұловаға жарақаттанған спортшыны сауықтыру жобасы таныстырылды

2019 жылғы 21 қараша 18:57
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұловаға жарақаттанған спортшыны сауықтыру жобасы таныстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрлік ғимаратындағы «Адалдық алаңында» азаматтарды жұмыс және жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
10 сәуір күні Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады «Хабар» телеарнасы «Жеті күн» апталық-сараптамалық бағдарламасын үйден таратпақ Елбасы аймақ басшыларымен не туралы сөйлесті – Айдос Үкібай мән-жайды түсіндірді

Министрлік баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, қабылдауға министрмен қатар азаматтардың сұрағына жауап беру үшін вице-министрлер Елдос Рамазанов пен Нұрғиса Дәуешов, Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов пен Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Ғани Мұратов пен орынбасары Мақсат Арғынбеков қатысқан.

Министрмен кездесуге жазылған 10 адамның мәселесі сан алуан.

Ахан Өмірбек прозалық және поэзиялық шығармалар жинағының 2 томдығын министрліктің қолдауымен 2020 жылы шығатын кітаптар тізіміне қосуын өтінді. Бұл мәселе бойынша министр Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешовке тапсырма берді.

Министрмен кездесу барысында Әмір Қуатов жарақат алған спортшыларды сауықтыруға арналған жобасы жайында тарқатып айтты. Ақтоты Рахметоллақызы аталған жоба бойынша Елдос Рамазановқа Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жұмыс тобын құрып, мәселені жан-жақты қарастыруды тапсырды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова азаматтарды тыңдап болған соң, қабылдауда айтылған өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT