+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова: Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады

2020 жылғы 21 қаңтар 15:27
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова: Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы Абай шығармаларының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұраты тұр.

Ұқсас жаңалықтар
Бауыржан Байбек Отырардың зиялы қауымы өкілдерімен кездесті Абай туралы фильмдер нақтылануда - Ақтоты Райымқұлова Көзі көрмейтін музыкант: Әлемді жүрекпен сезінемін

Бұл туралы Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты шарада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай – мемлекет ісінің мүдделесі» деп атап өткендей, ұлы ойшыл бірлігі жарасқан ел болу идеясының жақтаушысы бола білді. Ол ұлтымызды ортақ мақсатқа ұйыстырып, әділетті қоғам құру идеясын алға тартты. Бүгінгі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы дәл осы ұстаныммен сабақтас. Ұлы Абай шығармаларының өзегінде елдің қамы, қуанышы мен қайғысы, келешегі, арман-мұраты тұр. Жаңа қоғам мен жаңа адамды қалыптастыру идеясы да Абайдан басталады«, - деді ол.

Министрдің айтуынша, Абай елдің үнемі алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болып, халқымызды жаңа өмірге бейім болуға шақырды.

«Хакім Абайдың тіл үйренуді және жаңа кәсіп игеруді ерекше дәріптегенін жақсы білеміз. Ұлы ақын: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» дейді. Бұл – Абай даналығының тағы бір жарқын дәлелі. Ол бүкіл қазақ жұртын еңбекке баулыды. Абай саналы ғұмырында ұлтжандылықтың, елдікті қадірлеудің озық үлгісін көрсетті«, - деді Мәдениет министрі.

Ақтоты Райымқұлова ұлы ғұламаның мұрасы және өнегелі өмірі – шынайы отаншылдықтың мектебі екендігін баса айтты.

«Ұрпақ тәрбиесінде әрдайым Абайдың ұлтына сіңірген еңбегін дәріптеуіміз қажет. Кемеңгер ойшыл елдің дамуын тежейтін теріс әдеттерден аулақ болуға шақырды. Әсіресе, мақтан мен масылдық психологиядан арылып, адал еңбек етуге үндеді. Ұлы ойшылдың ғибратты сөздері тәуелсіз Қазақстанның жаңа серпінмен дамуы үшін қажет. Сондықтан, бұл мерейтойдың танымдық және тағылымдық мән-маңызы аса зор«, - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT