+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова заңға «басым туристік аумақ» ұғымын енгізуді ұсынды

2020 жылғы 18 қараша 16:16
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова заңға «басым туристік аумақ» ұғымын енгізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжілісмендер алдында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында туризм қалай дамуда Бозжыра шатқалына жақын маңнан этноауыл салынады Қазақстанда туризм қалай жандандырылмақ

Министрдің айтуынша, заң жобасы елдің қабылданған стратегиялық құжаттарына сәйкес, туристік саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталған.

«Заң жобасымен қолданыстағы заңнамаларға бірқатар бағыт бойынша түзету енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда ұғымдық аппаратты жетілдіру, туризмді жіктеу, саланы мемлекеттік қолдауды құқықтық реттеумен байланысты нормаларды қайта қарау көзделген. Мемлекеттік реттеу, атаулы мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тұрғысынан маңызды мәселенің бірі - туристік қызметтің қазіргі түрлері мен бағыттарын нақты жіктеудің жоқтығы. Осыған байланысты туристік кластерді дамытудың стратегиялық жоспарын, сондай-ақ туристік қызметтің жекелеген бағыттарын іске асыру мақсатында заң жобасында туризмді жіктеу көзделген», - деді министр.

Сондай-ақ министр Басым туристік аумақ (БТА) ұғымын енгізуді ұсынды.

«Басым туристік аумақты енгізу – заң жобасының негізгі новелласы. Басым туристік аумақ құру мақсаттары: синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілетін арттыру, туристік кластерге кіретін туристік ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру, ресурстарды (материалдық, зияткерлік) туризмді дамытудың неғұрлым перспективалы нүктелеріне шоғырландыру. Басым туристік аумақ – туристік салаға инвестиция мен халықаралық стандарттарды енгізуді көздейтін іс-шаралар кешені. Аумақты (географиялық шекараларды) ҚР Үкіметі айқындайды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT