+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

2020 жылғы 25 қаңтар 15:45
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ерлан Қарин: Президент бастамаларын жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады Өзекті проблемалардың шешімі әлеуметтік үйлесімдік пен тұрақтылықты нығайтады - Яо Пэйшэн Жәнібек Қожық: Шетелдік жұмыс күшіне квота қысқарса, елдегі жұмыссыздар саны да азаяды

«Осы отырысты өткізудің бірден-бір себебі – ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің ұсыныстарын талқылау. Ұсыныстарды талқылауды біз 2019 жылдың 12 қазанында бастадық. Сол отырыстағы сіздердің ұсыныстарыңызды ескере отырып, министрлікке бағынышты ұйымдар бірқатар жұмыс атқарды. Осы министрлік жанындағы Мәдени саясат жөніндегі кеңес және Рухани көшбасшылар қоры құрылып, бүгінгі отырысқа қатысып отыр. Бұл да сіздердің ұсыныстарыңыз болатын», - деді министр ҚР Ұлттық кітапханасында өткен кездесуде.

Сонымен бірге, А. Райымқұлова Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы – 50 пайызға, коммуналдық, аймақтық ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы – 35 пайызға артқанын еске салды.

«Хәкім Абайдың 175 жылдығына арналған салтанатты ашылу рәсімі де өтті. Сонда 83 тармақтан тұратын ұлттық жоспар бекітілді. Оның аясында 500-ден астам әртүрлі шаралар өтеді. Мұнда әрине, Президент ысырапшылдыққа, асығыстыққа жол бермей, Абайдың аты мен мұрасын дүние жүзіне көрсететіндей жақсы шараларды өткізуді тапсырды. Сонымен бірге, биыл туғанына 1150 жыл толған әл-Фараби атамыздың Дамаск қаласындағы және еліміздегі түрлі шаралардың басын қосатын ұлттық комиссия жоспары бар», - деді министр.

Отырыста Мемлекет басшысы қойған тапсырмалар, спортты дамыту және «Адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT