Ақтоты Райымқұлова: Түркістанда 21 хан мен 59 батырдың сүйегі жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістанда сүйегі жатқан тұлғалар қазақ халқының ғана емес, күллі түркі әлемі тарихының қалыптасуында шешуі рөл атқарған. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы атты» халықаралық бейнеконференцияда осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз түркі халықтарының киелі орыны - Түркістанның саяси, рухани және мәдени қайта жаңғыруының тарихи сәтіне куә болып отырмыз. Қала Ұлы Жібек жолының қиылысында тұр. Батыс пен Шығысты, Шығыс пен Батысты байланыстырып, Қытайдан Орталық Азия, Таяу Шығыс арқылы Орталық Еуропа елдеріне керуендер өткен болатын. XV ғасырдан бастап Түркістан мұсылман әлемінің қажылық ететін орны ғана емес, маңызды тарихи шешімдер қабылданатын қазақ хандарының ірі мемлекеттік резиденциясы болған», - дей келіп министр көне шаһарды мәңгілік мекеніне айналдырған ұлы тұлғаларға тоқталды.

«Қаланың тарихи бөлігі киелі мәнге ие екені баршаға мәлім. Бұл жерде ғылыми деректерге сәйкес 21 ханның, 8 сұлтанның, 23 бидің, 59 батырдың сүйектері жерленген. Жәнібек, Жәңгір, Есім, Тәуке, Абылай, Әбілхайыр хандардың, сондай-ақ, қазақ тарихындағы атақты Қаз дауысты Қазыбек би, Шоң би, Торайғыр би, Бөгенбей батыр сияқты басқа да тұлғалардың бейіттері орналасқан. Бұл тұлғалар көптеген жағдайларда тек қазақ халқының ғана емес, жалпы түркі әлем тарихының қалыптасуында шешуші рөл атқарған», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Аталмыш шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы атануын тарихи әділдік деп бағалайтынын айтты.


Соңғы жаңалықтар