Ақтоты Райымқұлова: Туристік алым сомасын мәслихат, төлеу тәртібін Үкімет бекітеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде басым туристік аумақ ұғымы енгізіленді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А. Райымқұлова заң жобасының негізгі жаңалықтарына тоқтал келе, Басым туристік аумақ ұғымын енгізу ескерілгенін айтты.
«Басым туристік аумақ - туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ. Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады.
Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған», - деді министр.
Сонымен қатар ол шетелдік туристерге қатысты туристік алым жүйесін енгізу қарастырылғанын атап өтті.
«Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерге туристік алым енгізу әрі осы алым бойынша операторларды анықтау жоспарланып отыр. Туристік алым мөлшерлемесінің өзін мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді», - деді А. Райымқұлова.
- ШҚО-да туристік маусымға белсенді дайындық жүргізілуде
- Сенаторлар ТМД ПА-ның пленарлық отырысына қатысты
- Қазақстандық сенаторлар ТМД ПА-ның пленарлық отырысына қатысты
- Түркістанның тарихи көшелері қайта жанданады - министр
-
Ақтоты Райымқұлова: Түркістанда 21 хан мен 59 батырдың сүйегі жатыр
-
ШҚО: Биыл Алакөлге баратын туристер Үржарға ұшақпен жете алмайды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам