+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова: Тимур Бекмамбетов бізге бірқатар сценарийін ұсынды

2021 жылғы 14 мамыр 13:23
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова: Тимур Бекмамбетов бізге бірқатар сценарийін ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлемге әйгілі кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтің Өзбекстанның Туризм елшісі болуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде Мәдениет және спорт министріне Тимур Бекмамбетовті ел туризмін насихаттауға неге тартылмағаны туралы сауал қойылған еді.

«Көршіміз Өзбекстанның оны Туризм елшісі ретінде әріптестікке тартуын қуана қабылдадық. Тимур Бекмамбетов ғаламдық тұлға екенін білесіздер. Оның жобалары әлемнің түрлі елдерінде іске асып жатыр. Оның ішінде біздің елде де жобалары қарастырылған болатын. Туризм елшілеріне қатысты айтсам, бүгінде Қазақстанның туризм елшісі болып жүрген танымал тұлғалар баршылық. Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова да бар. Әрине, Тимур Бекмамбетовті де қарастырған болатынбыз. Бірақ пандемияға байланысты және басқа да себептермен оның елімізге келетін мүмкіндігі болған жоқ», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің мәліметі бойынша, келешекте елімізде Тимур Бекмамбетов атсалысатын киножобалар іске асуы мүмкін.

«Тимур Бекмамбетовпен бірге жоспарланған кинемотаграфиялық жобаларымыз бар. Оның тарапынан өз дайындаған сценарийлерін іске асыру бойынша ұсыныс бар. Оның біздің елдің де Туризм елшісі болуын қарастырамыз. Біз ол отандасымызды мақтан тұтамыз. Туризм елшісін тағайындаудың қатып қалған регламенті жоқ. Бір елдің атынан ғана сала елшісі болу керек деген талап қойылмайды. Сондықтан бұл бағытта жұмыс істейміз. Өкінішке қарай, пандемия көптеген жобаларды, соның ішінде Тимур Бекмамбетовтің қатысуымен өтетін жоспарлардың мерзімін шегеруімізге мәжбүр болып отырмыз», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT