Ақтоты Райымқұлова: Отанына қайтарылған әр турист жіті тексеруден өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қиындық туғызған қазақстандық туристерді елге қайтару жұмысы қалай атқарылғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгідей штаттан тыс жағдайда шет мемлекеттерде жүрген демалушыларға қолдау көрсету мақсатында 2016 жылы Үкіметтің қаулысымен «Туристік Қамқор» қоры құрылған болатын. Туристік қызметтерді ұсыну шарттары әрқашан уәкілетті органның бақылауында. Міне, осындай кешенді іс-шараның арқасында біз елде төтенше жағдай жарияланған тұста шет елге шыққан 5 913 туристі дер кезінде елге қайтардық», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, елге қайтарылғандардың 1 823-і жоспарлы түрде қайтарылса, 3 748 турист арнайы ұйымдастырылған 19 чартерлік рейспен елге жеткізілген. Тағы 342 адам шетелдік әуе тасымалдаушыларымен келісіп, арнайы ұшақтармен қайтарылған.

«Бұл ретте мемлекеттің өз азаматтарына деген ерекше қамқорлығын айта кету керек. Елге жеткізілген әр турист Қазақстанның санитарлық қызметі бекіткен ережелерге сәйкес тексеруден өтті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар