Ақтоты Райымқұлова: Өңірлер мәдениет саласына қаражатты көбірек бөлуі керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өңір әкімдіктерін мәдениет саласына қаражатты көбірек бөлуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджеттен мәдениет және спорт саласына жұмсалатын шығыстардың үлесі 1%-дан кем. Мәселен, 2020 жылы республикалық бюджеттен мәдениет саласына жұмсалатын шығыстардың үлесі елдің жалпы ішкі өніміне шаққанда 0,24%-ды және спорт саласына 0,28%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер білім беру саласында 2,7%, денсаулық сақтау саласында 1,9%-ды құрайды. Ел басшылығының министрлік құзіретіндегі сала алдына қойған міндеттерін тиімді іске асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар қаржыландыру көлемін ұлғайтуы керек. Одан бөлек инвестиция тартып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін белсенді пайдалануы қажет», - деді Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде.

Еске сала кетсек бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәдениет саласына ең көп қаражат бөлген үш өңірді атаған болатын.


Соңғы жаңалықтар