Ақтоты Райымқұлова мен Алтай Көлгінов тал екті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының саябағына тал екті.

Театр және әкімдік қызметкерлері қолға күрек алып, 20 қарағай, 20 шыршамен мекеме аумағын абаттандырды.

Игі іс-шара мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қадірлеу, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Қазіргі әлемдік пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдайға қарамастан пайдалы іс жасауға жиналдық. Ал ағаш егу - ежелден келе жатқан игі амалдың бірі. «Бір тал кессең он тал ек»,-деген аталар сөзін есте ұстап, қаламыздың тазалығы үшін әрқайсымыз қолдан келгенше үлес қосайық»,-деді министр.


Соңғы жаңалықтар