Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік наградалар табыстады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында салтанатты іс-шарада мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың желтоқсандағы № 461 Жарлығымен Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау саласының көрнекті өкілдері, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Мәдениет және спорт министрлігі бойынша Алматы қаласында биыл мемлекеттік наградамен марапатталғандар тізімі:

«Парасат» орденімен: Молдакаримова Галина Әбіл-Әкімқызы - «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ профессоры, Алматы қаласы; Смағұлұлы Оразақ - «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК антропологы, Нұр-Сұлтан қаласы;

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен: Тарская Татьяна Николаевна - «Н.Сац атындағы Мемлекеттік орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

«Құрмет» орденімен: Әмірбеков Шәріпбек Ағабайұлы - «Т.Қ. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы» РММ проректоры, Алматы қаласы;

Жүнісова Мақпал Мұхамедиярқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Крылов Владимир Викторович - «Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Мендиярова Шәмшігүл Мырзабекқызы - «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы

Өмірбеков Қайрат Жақыпбекұлы - «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы

Райнбеков Әлімғазы Смағұлұлы - актер, Нұр-Сұлтан қаласы;

Серкебаев Мұрат Бекмұхамедұлы - Алматы қаласы әкімі концерттік оркестрінің бас дирижері, Алматы қаласы;

Шалабаев Сейтхали - «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК директоры, Алматы қаласы;

Шалабаева Гүлмира Кенжеболатқызы - «Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директоры, Алматы қаласы;

«Ерлігі үшін» медалімен: Рымқұлов Дәурен Амангелдіұлы - «Esentai fit+spa» фитнес клубының жаттықтырушысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен: Бөленова Салтанат Сағымбайқызы - «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің әртісі, Алматы қаласы;

Виноградов Александр Васильевич - «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК симфониялық оркестрінің әртісі, Алматы қаласы;

Гостев Олег Михайлович - «Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК директоры, Алматы қаласы;

Жылысбаева Мәрзия Ғаниқызы - «Орталық мемлекеттік архив» РММ директорының орынбасары, Алматы қаласы;

Молдагалиева Аля Әмірқызы - «О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК оқытушысы, Алматы қаласы;

Түлкібаева Гүлзира Әбділлақызы - «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Тұяқбаев Марат Қымызұлы - «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК археологы, Түркістан облысы;

Хан Яков Николаевич - «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ дирижерлеу бөлімінің педагогы, Алматы қаласы;

Шманов Өмірзақ Төлегенұлы - «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қоюшы-режиссері, Алматы қаласы;

«Шапағат» медалімен: Бахаров Ділмұрат Нұрахметұлы - «Дервиши» тобының солисі, Алматы қаласы;

Красников Александр Сергеевич - «Н.Сац атындағы Мемлекеттік Орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Омарбекова Перизат Асанқызы - «Алатау» дәстүрлі өнер театрының хореографы, Алматы қаласы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен: Басықара Ерсайын Нұрахметұлы - «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ профессоры, Алматы қаласы;

Ермашов Игорь Владимирович - «Н.Сац атындағы Мемлекеттік орыс академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» РМҚК әртісі, Алматы қаласы;

Ли Камилла Витальевна - өнертанушы, Алматы қаласы;

Сәрсенова Карина Рашитқызы - жазушы, Алматы қаласы;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы: Витченко Денис Валерьевич - «Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі» РМҚК балет әртісі, Алматы қаласы;

Кайсиди Иоаннис Георгиевич - «Т.Қ. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясы» РММ доценті, Алматы қаласы;

Мамытов Риссам Тилапжанұлы - «Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» РМҚК әртісі, Нұр-Сұлтан қаласы;

Мұсахан Шернияз Ерұланұлы - «Мәдениет Еуразиялық қоры» ҚК шығармашылық бағдарламалар директоры, Алматы қаласы;

Тілепбергенов Абылай Жанболатұлы - «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» РМҚК дирижері, Алматы қаласы.


Соңғы жаңалықтар