Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласындағы онлайн-жобаларды жалғастыруды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласындағы онлайн-жобаларды жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемге 2020 жыл сынақ болып әдеттегі өмір-салт пен қалыпты жұмысты өзгертті. Министрлік көптеген жоспарларды қайта қарап, түзетіп, жұмыстың жаңа нысандарын енгізіп, карантин кезінде 120 миллионнан астам қаралым жинаған көптеген онлайн-жобаларды іске қосты. Бұл жұмысты жалғастыру керек», - деді Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша жалпы 2020 жыл нәтижелі болып, оң жетістіктерге қол жеткізілген.

«2020 жылғы негізгі шаралардың тізімінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Бұл жалақыны арттыру, арнайы ай сайынғы ақшалай төлемдер, қосымша жүктеме үшін қосымша ақылар белгілеу, шығарма авторларына қаламақы төлеу, қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және тағы басқа шаралар. Мемлекет пандемия кезеңінде мемлекеттік мәдениет, архив және спорт ұйымдарын, мәдениет, өнер және спорт саласындағы білім беру мекемелерін толық көлемде қаржыландыруды тоқтатпағанын ерекше атап өткім келеді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар