Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылатындығын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлері баспанамен қалай қамтылатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2020 жылғы 23 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ арасында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында министрліктің мемлекеттік қызметшілеріне Нұр-Сұлтан қаласынан 20 пәтер бөлінді», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысында.

Оның дерегінше, Алматы қаласында Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне 16 пәтер және Нұр-Сұлтан қаласына 47 пәтер бөлінді. Ақтөбе облысында жастар мен мәдениет, өнер, архив мекемелері қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында 14 қызметтік және 25 жалға берілетін пәтер берілді. Оның ішінде театр, кітапхана, музей саласының 13 жас маманы жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етілді.

«Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 38 маманының ҚИК бағдарламасы бойынша сатып алу құқығымен 1 бөлмелі жалға берілетін пәтерлерге қол жеткізу мәселесі қарастырылуда», - деді Ақтоты Райымқұлова.


Соңғы жаңалықтар