+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова қырғыз-қазақ еларалық айтысының жеңімпаздарын құттықтады

2019 жылғы 4 қыркүйек 09:49
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова қырғыз-қазақ еларалық айтысының жеңімпаздарын құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қырғыз-қазақ еларалық айтысының жеңімпаздарын құттықтады. Айтыстың барлық бас жүлдесін қазақ ақындары иеленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бауыржан Байбек Отырардың зиялы қауымы өкілдерімен кездесті Абай-175: Қызылордада республикалық ақындар айтысы өтті Абай-175: Мұхтар Ниязов республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алды

«Қадірлі достар, Қырғыз Республикасының егемендігі күніне орай өткен XIII-ші қырғыз-қазақ еларалық айтысына қатысып жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан айтыскер ақындарымызды шын жүректен құттықтаймын! Осынау өнер додасына түсіп Бас бәйгені алған Айнұр Тұрсынбаева, I-орынды иемденген Жандарбек Бұлғақов, II-орынды қанжығаға байлаған Мұхтар Ниязов пен бұл жолы III-орынды місе тұтқан Балғынбек Имаш сынды өнер тарландарына шығармашылық табыс тілеймін!», деп жазды Ақтоты Райымқұлова Facebook-тегі парақшасында.
«Қазақ мәдениетінің мәйегі -айтысты әлемге паш етудегі ерен еңбектеріңіз мемлекетіміздің мерейін үстем етумен қоса кейінгі жас өнерпаздарға үлгі, өнеге болатынына кәміл сенемін!», деді министр.
Еске сала кетсек, 30-31 тамызда Бішкек қаласындағы Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында қырғыз-қазақ ақындарының айтысы өтті. Шара ақын Әлімқұл Үсенбаевтың 125 жылдығына қырғыз елінің Мемлекеттік тілі туралы заңының 30 жылдығына арналды.

Онда екі елден 16 төкпе ақын қатысты. Қазақстаннан бәйгеге айтыскер Айнұр Тұрсынбаева, Алтынбек Ибрагимов, Балғынбек Имаш, Біржан Байту, Жандарбек Бұлғақов, Мұхтар Ниязов, Сырым Әуезхан, Нұрлан Есенқұлов барды.

Қырғызстан жағынан Жеңішбек Жұмақадыр, Азамат Болғонбаев, Асылбек Маратов, Амантай Құтманәлиев, Жылдызбек Төреқанов, Баян Акматов, Еламан Келдібеков, Шайлообек Отыншиев қатысты.

Айта кетерлігі, айтыстың жүлде қоры 2 млн сом (шамамен 11,1 млн теңге-авт) болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT