+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

2019 жылғы 18 тамыз 18:49
Бөлісіңіз:
Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова барша қазақстандықтарды Спорт күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомоство басшысының facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Гүлшара Әбдіқалықова елімізде футболды қаржыландыруға қатысты пікір білдірді Ақтоты Райымқұлова қанша мектепте спорт залы жоқ екенін айтты Қазақстанда 5,7 млн адам спортпен жүйелі түрде шұғылданады - министр

«Достар, баршаңызды Спорт күнімен құттықтаймын!

Таң сайын жаттығу жасайтындарды да, Жеңіс тұғырына көтеріліп, біздің аспан түстес туымызды желбіретіп, көңілімізге еліміз үшін мақтаныш сезімін ұялататын отандастарды да құттықтаймын. Әдетте спорт туралы айтқанда, бапкер мен жанкүйерді елемей кетіп жатамыз, алайда осы үштіктің бірлігінің арқасында ғана жетістікке қол жеткізуге болады. Спортқа, демек ұлт денсаулығына үлес қосқан адамдардың бәрін құттықтаймын, - деп жазды министр.

Сондай-ақ ол тамыздың үшінші жексенбісінде елімізде спорт күні аталып өтетінін, Тәуелсіздік алғаннан бері біздің спортшылар халықаралық сайыстарда Қазақстанның айбынын асқақтатып, жас ұрпақ олардың сара жолын жалғастыруда екенін атап өткен.

«Бұған тұрақты саясат та әсер етуде.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа деген әр Жолдауында спорттың адам өмірінде ғана емес, қоғамда да маңызды рөл атқаратынын айтып отыратын. Тұңғыш Президент атап өткендей, 2020 жылға дейін Қазақстан халқының 30 % бұқаралық спортқа тартылуы керек. Спорт шынымен де адамдардың ғана емес, мемлекеттер арасындағы татулықты нығайтады. Біз осыны естен шығармауымыз керек»,-деп жазады Ақтоты Райымқұлова.

«Токиодағы жазғы Олимпиада да аз уақытта келіп жетпек - бұл тарихи оқиғаның спортшыларымыз үшін орны ерекше. Осы бәсекелі додада байрағымыз биікте желбірейді деп сенеміз. Біздің спортшыларға шын жүректен жеңіс тілеймін!»-деп түйіндейді өз құттықтауын Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT