Ақтоты Райымқұлова «Қазақфильмдегі» өртті сөндіруге қатысқандарға алғыс білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпара - «Қазақфильм» киностудиясында орын алған төтенше жағдайға байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік өкілдерімен кездесуге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының ІІД және ТЖД өкілдері қатысты», делінген киностудияның instagram -ға сілтеме жасап.


Кездесу барысында өрт шыққан орындарда тексеру жүргізіліп, жауапты мекемелер өкілдері өрттің пайда болуының себебі мен хронологиясы туралы баяндама жасады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өртті сөндіруге қатысқан азаматтарға алғысын білдірді.

Еске сала кетсек, 14 тамызда түнде Алматыдағы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ музейінде өрт шықты.


Соңғы жаңалықтар