Ақтоты Райымқұлова Бозжыра шатқалындағы қонақүй кешені туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевпен бірге Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлгінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовпен, ғалымдармен және жергілікті қоғам өкілдерімен кездесіп, Бозжыра шатқалындағы туристік кешен құрылысының қазіргі жағдайын талқылады.

«Маңғыстауда туризмнің белсенді дамып келе жатқан бағыттарының бірі – жағажай туризмімен қатар, экологиялық туризм. Экологиялық туризмнің негізі – адамды табиғи ортаға бейімдеуге бағытталған. Табиғат аясында саяхаттаудың мақсат-мүддесі осы. Мұндай саяхат барысында туристердің басты назары аймақтың табиғи ерекшелігі мен «жабайы табиғат» аясында демалуда болады», - дейді Ақтоты Райымқұлова.

Оның айтуынша, биыл шілде айында Rixos Water World қонақүйінің ашылуы туристердің көптеп келуіне және ішкі туризмнің дамуына оңды әсер етті.

«Бастапқы кезеңде туристер көптен келген жағдайда не істеуге болатынын дұрыстап реттеп алмаса, дұрыс ұйымдастырылмаған туризм салдарынан туристік табиғи аумақтар жақын жылдары адамдардың кері әсеріне тап болады. Туризмді басқару – туристердің қажеттілігін және туристік инфрақұрылым құру арқылы бизнестің экономикалық жағын қамтамасыз ету екенін ұмытпау керек. Сондай-ақ, табиғаттың биологиялық әралуандығы мен маңызды экологиялық процестерді сақтап қалу керек», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол табиғи аумақтардағы туризмді дамытуға не кедергі екенін айтты.

«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризмді дамытудағы ең негізгі мәселе – туристерді қабылдау мен қызмет көрсететін мамандандырылған орталықтардың, қонақүйлерді орналастырудың қазіргі заманғы ыңғайлылық деңгейінің, қызмет көрсету деңгейінің төмендігі, ұсынылатын қызметтердің сапасы мен олардың құны арасындағы сәйкессіздік, нысандардың құрылысына инвестициялардың болмауы», - дейді Ақтоты Райымқұлова.


Соңғы жаңалықтар