Ақтоғайдан Алакөлге қалай жетуге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтоғай стансасынан Алакөл демалыс орнына қалай жетуге болады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Виктор Бошманн айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз адамдарды Ақтоғайдан Алакөлге дейін автобуспен жеткізудің жолдарын қарастырудамыз. Өйткені пойыз Алакөлдің өзіне дейін бармай Ақтоғайдан бұрылып кетеді. Сол үшін де «Kazakh Tourism» компаниясы арқылы келушілерді автобуспен тасымалдайтын туристік компания іздедік, әзірге нәтижесіз. Ақтоғай стансасынан ары қарай адамдарды Алакөлге жеткізетін қатынас құралын тапсақ, келушілердің де саны арта түсер еді», - деді В. Бошманн.

Оның айтуынша, Алакөлге барушылар әзірге Ақтоғай стансысынан түсіп, басқа пойызға мініп жолды ұзартуға мәжбүр.

Бұған дейін Алакөлге қатынайтын пойыз бағыттары мен билет құны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілі елімізде пойыз билеттерін алыпсатарлардың сатып алуының жолын кесудің жаңа тәсілі туралы айтты.

Одан бөлек, пойыз билеттерін жаппай сатып алудың заңды жолдары да аталып көрсетілді.



Соңғы жаңалықтар