Ақтоғайда мектеп құрылысына бөлінген 45 млн теңге қолды болған – агенттік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы аса ірі көлемде бюджет қаражатының жымқырылу фактісі бойынша күдікті деп танылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 13 наурызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Балқаш аймағы бойынша ауданаралық бөлімі Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен «Аспап» өндірістік кешенінің лауазымды тұлғаларының бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі «464 орындық мектеп құрылысы» нысанына «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 45 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров агенттікте онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар