Ақтоғай ауданында 15 жылдан кейін физиокабинет ашылды - Павлодар облысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық ауруханасында салтанатты жағдайда физиокабинет ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шараға аудан әкімі Қаршыға Зәлмұханұлы, аудан мәслихатының хатшысы Жанат Шұғайұлы, ардагерлер кеңесі мен «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

- Соңғы он бес жылда ауданда физиокабинет болмаған еді. Емге мұқтаж жанар облыс орталығына немесе Қожамжар ауылына баруға мәжбүр болған, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Гүлбахыт Ғалымқызы.

2018 жылдан бастап аудандық ауруханадағы ақылы қызметтерді дамытудың арқасында жалпы сомасы 1 млн теңгеге физио жабдықтар («УВЧ аппарат», «Қыздыратын лампа», «Аппарат поток») сатып алынған.

Аталған кабинетті жабдықтауға «Отау», «Ризабек» және «Береке» дүкендері демеушілік көмек көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар