Ақтөбенің Шалқар ауданында карантин күшейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбенің Шалқар қаласында адам көп жиналатын шаралар мен отбасылық кештер өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шалқар қаласында бүгіннен бастап шектеу енгізілді. Мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық, мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынды. Отбасылық басқосулар да болмайды.

Мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кешін өткізуге шектеу қойылды. Фитнес, жаттығу залы, сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары, компьютер клубтары, спорт кешендерінің қызметі тоқтады.

«Азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, азық-түлік сатпайтын дүкендер, сауда үйлері, базарлар сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін, орын саны 30-дан аспайтын қоғамдық тамақтану обьектілері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауы тиіс. Монша, сұлулық салондары, шаштараз, ателье, химиялық тазалауу, аяқ киім жөндеу шеберханалары, техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиномонтаж және ломбардтар да сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Дәріхана және дәріхана дүңгіршегі штаттық режімде жұмыс істейді. Арақашықтықты сақтау, бетперде кию міндеттелді»,- деп хабарлады Шалқар қаласының бас санитар дәрігері.

Еске салсақ, Ақтөбе облысының Шалқар қаласы карантинге жабылуы мүмкін екенін облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева хабарлаған болатын.

Мұнда бір аптада 19 адам вирус жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар