Ақтөбенің шалғай ауылдарында сайлаушылар дауыс беруде

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының шалғай ауылдарында сайлаушылар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға дауыс беруде. Сондай шалғай елдімекендердің бірі Мұғалжар ауданы Талдысай ауылының тұрғындары дауыс беру кезінде белсенділік танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдысай ауылында 343 сайлаушы болса, түс мезгіліне дейін олардың 200-ден астамы сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады.

Бірінші болып зейнеткер Жамиға Самигулина дауыс берді.

«Біз жастар, ел болашағы үшін таңдау жасап, азаматтық борышымызды өтеуіміз керек. Осы мақсатта бүгін ерте тұрып, сайлау учаскесіне келдім. Мұнда санитарлық талап сақталған. Кіре берісте қызуымызды өлшеп, антисептик қолдандық», - деді Жамиға Самигулина.

Ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары.

Сайлау комиссияның төрағасы Айбек Мухановтың айтуынша, алғаш дауыс бергендер мен қарияларға арнайы сый жасалды.


Соңғы жаңалықтар