Ақтөбенің орталық саябағында ағаштар кесіліп жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің орталық саябағындағы ағаштар кесіліп жатыр. Бүгін белсенділер осыған байланысты өз қарсылығын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің орталығындағы ағаштар жаппай кесіліп, қазір жаңа саябақ салу жұмысы жүріп жатыр. Бұрын орман болған бұл аймаққа жиектастар төселді. Мұны көрген ақтөбелік белсенділер ағашты кесу кезіндегі қателіктерді тізіп берді.

«Ақтөбе қаласында туып-өстім. Қаланың 12 ықшамауданы маңындағы ағаштарды әкем егіп, өсірген болатын. Біз де сол кезде көмектесіп жүрдік. Қазір жасым 37-ге келді. Орман болған алқаптың ағаштары кесіліп, бұлақтың көзі жабылып қалған. Қарап, жүрегім ауырып тұр. Бәрі қолмен істеліп, бұзылды», - дейді қала тұрғыны Әлібек Мағауин. Белсенділер қазір ағаш кесуді тоқтатып, жаңа егілген ағаштың уақтылы суарылуын қадағаламақ. Саябақта жиналған топпен қалалық әкімдік қызметкерлері мен экологтар кездесті.null

«Көгалдандыру жұмыстары бір жылмен шектелмейді. Егілген ағашты қарап, бақылаймыз. Егер ағаш өспей қалса, мердігер қайта егеді. Өткен жылы 12 845 ағаш отырғызылды, оның 5 пайызы қурап қалды. Мердігер оның орнын қайта қалпына келтіреді, яғни, қайта ағаш егеді», - деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгеругісі Дастан Әжібаев.null

Ақтөбелік экологтар ағашты кесу қаланың экологиясына кері әсерін тигізетінін жасырмады.

«Ағаш - қаланың өкпесі. Өкінішке қарай, жоба экология департаментінің келісімінсіз жасалды. Яғни, заң аясында экологтардан рұқсат алу талабы қойылмаған. Біз де БАҚ арқылы біліп, қазір келіп, көріп отырмыз. Қоғамдық тыңдау болып, тұрғындардың келісімін алу керек еді. Ағаш болса шаң болмайды, зиянды, улы заттар азаяды. Ақтөбе - өндірістік аймақ әрі ауасы лас өңірлердің бірі. Сондықтан талды кесуге болмайды», - деді Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Ерболат Қожықов.null

null

Соңғы жаңалықтар