Ақтөбенің орталығында екі машина жанып кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласының орталығында екі автомашина өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, сағат 12:17-де Әбілқайыр хан даңғылында «УАЗ» машинасы өртке оранған. Оқиға орнына 6 өрт сөндіруші және 1 арнайы техника, сондай-ақ, апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері шұғыл аттанған. Бір сағаттан соң өрт сөндірілді. Абырой болғанда, құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

13:33-те Әбілқайыр хан даңғылындағы №69 үйдің ауласында да машина өртенген. Оны да өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері жылдам сөндірді.

Оқыс оқиғалардың себептері тексеріліп жатыр. ТЖД өкілдері ақтөбеліктерді сақ болуға шақырып, автокөліктің мотор бөлігіндегі электр қондырғыларын тексеруге кеңес береді.

null

Соңғы жаңалықтар