Ақтөбенің қиыршық тас шығаратын зауыт жұмысшылары жалақысын әлі ала алмай жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Шалқар ауданының Бершүгір ауылындағы қиыршық тас шығаратын зауыт жұмысшылары жалақысын әлі ала алмай жүр. Инвестордың жұмсышыларға берешегі 44 миллион теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың ақпан айында жұмысшылар наразылық танытып, облыс әкімдігінен көмек сұраған болатын. Сол кезде облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов еген инвестор өз міндетін толық орындамаса келісімшартты үзетінін мәлімдеген болатын.

Арада алты ай өткенімен «Жаңатас-Ақтөбе» ЖШС-ның жұмысшылар алдындағы қарызы өтелмеді.

«Жоспардан тыс жеті тексеру жұмысы жүргізіліп, анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін нұсқау берілді. Жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, 2,4 млн теңгеге айыппұл салынды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 64 қызметкерге 6,4 млн теңге төленді. Бүгінгі күні кәсіпорынның 100 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 44 млн теңгені құрайды. Жер қойнауын пайдалану құқығы «Жаңатас-Ақтөбе» ЖШС-нан «Temir Tas 2017» ЖШС-на ауысқан. «Temir Tas 2017» ЖШС-на осы жылдың 21 қыркүйегіне дейін «Жаңатас-Ақтөбе» ЖШС-ның қызметкерлері алдындағы қарызын өтеу міндеттелді», - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Соңғы жаңалықтар