+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақтөбенің Қарғалы ауданында бірде бір қазақ мектебі жоқ

2017 жылғы 7 наурыз 15:22
Бөлісіңіз:
Ақтөбенің Қарғалы ауданында бірде бір қазақ мектебі жоқ

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Қарғалы ауданында 17 мыңнан астам адам тұрады. Олардың 32 пайызы өзге ұлт өкілі. Аудандағы 17 мектептің үшеуі орыс тілінде, өзгесі аралас тілде білім береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Ресеймен шекарас аудандарында қазақ тілінің жағдайы мәз емес. Тұрғындарының 32 пайызы өзге ұлт өкілі саналатын Қарғалы ауданында әлі күнге дейін бірде бір қазақ мектебі жоқ.

«Аудандағы үш мектеп орыс тілінде, өзгесі аралас. Қарғалының орталығы Бадамша ауылында бір мектеп орыс тілінде, біреуі аралас болып тұр. Аралас мектеп төрт жылдан кейін түгелдей қазақ тіліне ауыстырылады. Оған дейін бұрын мектепке қабылданған балалардың бәрі бітіріп шығады. Бала саны аз болған соң аудан орталығындағы аралас тілде сабақ беретін бір мектептің өзін толтыра алмай отырмыз»,- деді аудан әкімі Рахат Сыдықов. Оның айтуынша, алдағы 2-3 жылда аудан мектептерінің 60 пайызы қазақ тілінде білім береді деген жоспар бар.

Айта кетейік, Ақтөбенің Қарғалы ауданында 17 мыңнан астам адам тұрады. Оның 9 мыңнан астамы экономикалық белсенді топқа кіреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT