Ақтөбенің газы теміржол арқылы заңсыз тасымалданған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде сұйытылған газды зауыттан алып, таратушыларға жеткізетін екі ірі компанияның контрабандалық іске қатысы бар болып шықты. Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы Артур Хайрединов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі сұйытылған газ тапшылығының негізгі мәселесі анықтала бастады. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, ҚР Бас көлік прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті, облыстық ішкі істер департаменті мен Ақтөбе станциясындағы желілік ішкі істер бөлімі қазір жедел іздестіру, тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басты күдікке - «АзГазЛогистик» және «ГолдСтеп» ЖШС ілікті. Екеуі де зауыттағы газды таратушыларға жеткізетін компания.

«Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Іске ҚР Бас көлік прокуратурасының араласуы газдың теміржол арқылы тасымалданғанын білдіреді. Екі компанияның территориясында тінту, ұстау операциясы жалғасып жатыр»,- деді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті, экономикалық тергеу қызметі басқармасының басшысы Артур Хайрединов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы мәселесі туындап, жергілікті әкімдік негізгі себепті мұнай компаниясынан іздеген болатын . Үкіметке жеткен жергілікті мәселе кезінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ақтөбеге екі қызметкерін жібергенін мәлімдеді . Газ тапшылығы мәселесін жою үшін облыс әкімдігі мен мұнай компаниясы келісімге келіп, наурыз айына тағы 570 тонна газ бөлді . Ал бүгін сұйытылған газ контрабандалық жолмен шетелге тасымалданғаны белгілі болды .

 

Соңғы жаңалықтар