Ақтөбенің бас санитар дәрігері өңірдегі вирус жұқтырудың шарықтау шегін болжады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Тамыз айында Ақтөбеде 6 912 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ақтөбенің бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева өңірдегі вирус жұқтырудың шарықтау шегін болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында бір тәулікте 426 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Вирус жұқтырғандардың 376-сы дерттің симптомды түріне шалдыққан. Қазіргі кезде облыс бойынша 1 268 адам ауруханада жатыр. Оның 97-сі жансақтау бөлімінде.

«Ақтөбедегі инфекциялық стационарлардың барлығында адам көп. Қазіргі кезде кереует жүктемесі 68,5 пайызды құрады. Ал жансақтау бөлімінің 45,8 пайызда науқастар ем қабылдап жатыр. Балалар арасында 368 дерек тіркелді. Вирус жұқтырғандардың 17-і стационарда. Ал коронавирус инфекциясына шалдыққан 186 жүкті әйелдің 160-ы дәрігерлер бақылауына алынған. Олар да ем қабылдап жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы Әсия Тіріжанова.

Ақтөбе облысына барлығы 506 мыңнан астам вакцина жеткізілген. Қазіргі кезде 265 мыңнан астамы екі компонентін де қабылдады. Өңірге тағы 20 мың доза қытайлық вакцина жеткізілді.

«Маусым айында 776, шілдеде 4757, ал тамыз айында 6912 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осыған қарап жұқтырудың шарықтау шегі тамыз айына келіп тұрғанын көреміз. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында азая түседі деген болжам бар», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Соңғы жаңалықтар